Астанада қызылша ауруы тағы өршіді
Қызылша ауруы Астанада қайта белең берді. Жағдайдың бақылаудан шығып бара жатқанын бүгін еліміздің бас санитар дәрігері мойындады. Қазір Елордада осы жұқпалы дертке шалдыққандарың саны екі жарым мың адамға жеткен.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.03.2019
Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
- Қазіргі таңда бізде ел бойынша 186 жағдай ауруханаларда жатыр. Астанада 15 науқас. Реанимацияда қазір 10 науқас жатыр.
Соңғы үш айда елімізде 4 мыңға жуық адам қызылшамен ауырған. Бұл былтырғы осындай кезеңге қарағанда 6 есе көп. Осы күндері инфекцияның «Кабул» және «Дублин» дейтін екі түрі таралып жатыр. Бірі Азия елдерінен, екіншісі Еуропадан келген. Жағдайды қиындатып отырған екпе салынбағандар болып отыр. Олардың 60 пайызы балалар. Сондықтан вакцина салу жасы 9 айға дейін қысқартылмақ. Денсаулық сақтау министрлігі 580 миллион теңге жұмсап, тағы 478 мың доза сатып алып жатыр. Оны сәуірдің 1-інен бастап 9 айлық балалар мен медицина қызметкерлеріне сала бастайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!