2020 жылдан бастап Қазақстанда тұратын әр азаматтың кірісі есептелмек
Яғни тұрғындар құны 500 мың теңгеден асатын дүние-мүлкін, бағалы затын тегіс табыс декларациясында көрсетіп, салықшыларға өткізуі тиіс.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
06.03.2019
Нақтырақ айтсақ, халық жылжымайтын мүлік пен жер телімін, көліктерін айтпағанда, банктегі қаражаты мен қолма-қол ақшасы, әшекей бұйымдары, қымбат картиналары мен тондарын, тіпті қымбат тұратын асыл тұқымды ит-мысық және таза қанды сәйгүлік аттарын тізіп, құжат түрінде көрсетуі қажет. Сондай-ақ, қарыз бен несиеңіздің бар-жоғы да назарға алынады. Елімізде бизнесі бар шетелдік кәсіпкерлер мен тұрақты табысы бар азаматтардың барлығы декларация толтырады. Сарапшылар келесі жылдың басында күшіне енетін жаңа заңның сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға құрсау болатын бірден бір қадам екенін айтады.
Дмитрий Казанцев, Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығының директоры:
- Ыдыс-аяқты көрсету шарт емес. Ең басты талап затыңыз немесе мүлкіңіз 500 мың теңгеден асу қажет. Бұл есепті ел азаматтары қағаз түрінде 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін, ал электронды түрде 15 қыркүйекке дейін өткізу керек. Үлгермесе немесе толтырған құжатта шынайы ақпарат көрсетілмесе, онда ол адамға 75 750 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!