Шымкентте нан бірден 10 теңгеге қымбаттады
Жылда көтеріліп тұратын бағаны бұл жолы наубайханашылар ұнның қымбаттауымен түсіндіреді. Ал, 60 теңге тұратын ас атасының құны 70 теңгеге өскені тұрғындарға ауыр тиіп жатыр.
Автор: Бек Әбиев
06.03.2019
Гүлайым Рахиева, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Нан қымбаттады деп халық шулап жатыр. Сол халықтың біреуі менмін. Біз енді тек айына бір-ақ рет зейнетақы аламыз. Күніге бізге қалтамызға біреу ақша беріп жатқан жоқ. Енді баласы бар адамдарға тіпті қиын болады.
Бұған дейін нанның құны былтыр қыркүйек айында 10 теңгеге өсіп еді. Ол кезде наубайханалар жанармай, электр мен су бағасының өскенін желеу еткен. Кезекті қымбаттау әлеуметтік нан түгілі күлшенің де құнын көтеріп жіберді. Миллион тұрғыны бар қалаға күн сайын 40 наубайхана 50 тонна нан пісіреді екен. Жұмысшылардың жалақысын да көтеру керек дегендер, баға әлі де өсуі мүмкін дегенді алға тартуда.
Әбдімәлік Көмекбаев, «Нан қауымдастығы» ҚБ төрағасы:
- Шымкент қаласында ұнның аздаған тапшылығы сезілуде. Соған байланысты бірден ұнның бағасы артып отыр. Көптеген ұн тасушы кәсіпкерлер ұндарын сатпай бағаның көтерілуін күтіп отырған жағдайлар бар. Ал, енді біздің нан пісіруші кәсіпкерлерге келсек олар ұнның барлығын сатып алып отыр. Ол баға қазір 5100-5200 теңгені құрап отыр. 4200-ден ұн бағасы 5200-ге көтерілді. 1 қап ұнға мың теңге қосылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!