Мотоциклшіден дәрі қорапшасын сұраған полицейлер жұмыстан қуылды
Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін білмей масқара болған полицейлер жұмыстан қуылды. Мотоциклисттен өрт сөндіргіш пен дәрі қорапшасын сұраған тәртіп сақшыларының бейнежазбасы әлеуметтік желілерге тарап, жұрттың күлкісіне қалған еді.
Автор: Бек Әбиев
06.03.2019
Жол қозғалысы ережесін патрульдік полициядан гөрі дұрыс біліп тұрған мотоциклисттен ұялған болуы керек, полицейлер құжатын алған жоқ. Ал, оларды видеоға түсіріп алған жүргізушісі бейнежазбаны әлеуметтік желіге салған. Бұл жария болған соң құзырлы орган басшылары көп ойланбай заңға шала қызметкерлерін жұмыстан босатып отыр.
Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы Полиция Департаментінің баспасөз хатшысы;
- 2 жергілікті полиция қызметінің патрульдік полицейлері өз қызметтерінен босатылды. Ал, жол жүру ережесіне сәйкес 3 дөңгелегі бар мотоциклде медициналық қорап болуы қарастырылған. Ал, 2 дөңгелегі бар мотоциклде ол туралы мүлдем айтылмаған, көрсетілмеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!