{metadescription}
Оралдық шенеунік өз кабинетінде асылып қалды
Оралдық шенеунік өз кабинетінде асылып қалды

Оралдық шенеунік өз кабинетінде асылып қалды

Кәсіпкерлік және индустриалдық - инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары  болған 29 жастағы Хасен Тоясовтың мәйіті кеше кешкі тоғыздар шамасында анықталған. 

Әлия Наурызғалиева, Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметінің маманы:

- Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Өлімнің алдын ала себебі механикалық асфиксия. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Марқұм басқарма басшысының орынбасары қызметіне 5 ай бұрын ғана тағайындалған. Бұған дейін ол осы мекемеде бас маман және бөлім басшысы лауазымын атқарған. Әзірге жас шенеуніктің неліктен суицидке барғаны белгісіз. Полицейлердің мәліметінше, қоштасу хатын да қалдырмапты. Оған күш көрсетілгені де байқалмаған.  Дегемен осы дерекке қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде