{metadescription}
Әбдікәрім Исаның жеке көрмесі ашылды
Әбдікәрім Исаның жеке көрмесі ашылды

Әбдікәрім Исаның жеке көрмесі ашылды

Жолбарыс каллиграфиясы. Алматыда осындай атаумен белгілі суретші Әбдікәрім Исаның жеке көрмесі ашылды. Шара өнер қайраткерінің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Көрмеге келген суретшінің замандастары автор ерекше қолтаңбасына айрықша тоқталып өтті. Суретші Әбдікәрім Иса - «жолбарыс каллиграфиясының» негізін қалаушылардың бірі. Көпшіліктің назарына 60-тан аса кесіндемелік туынды ұсынылып отыр. Автор әр жылдары каллиграфияны кенептің көмегімен өрнектеп шыққан. Картиналардың түстік өңделуі де ерекше. Көркемдік стиль шығыстың көне зооморфты өрнектері мен заманауи өнерді үйлестіреді. Автордың шеберлігі түрлі сарынды дәл көрсете білген. Шебердің жұмыстарын Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінен тамашалай аласыздар. Көрме 3 аптаға дейін созылады. Автор өз туындыларында неліктен жолбарысты таңдағанын түсіндіріп өтті.

Әбдікәрім Иса, суретші:

- Жолбарысқа деген көзқарас басқаша. Ол көзқараста оның күшін, соның қайратын, соның барлық үмітін өзіне шақырады. Алматының гербінде де барыс бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде