{metadescription}
Павлодарда тұрғын үйде болған жарылыстың жай-жапсары анықталды
Павлодарда тұрғын үйде болған жарылыстың жай-жапсары анықталды

Павлодарда тұрғын үйде болған жарылыстың жай-жапсары анықталды

Сөйтсе, өрттің тұтануына ескі оқ-дәрі себеп болған екен. Кеңес одағы тұсында өндірілген жарылғыш ұнтақты үйге әкелген ер адам оны қоқыстан тауып алған.

Тұрмыстық қалдықтар тастайтын жәшіктен шыққан 6 бірдей қораптағы оқ дәрілерді танысының пәтеріне көтеріп апарып, сатуға көмектесуін сұрайды. Отырыстары жарасып, ішімдіктен ұрттаған олар кәдеге жарар-жарамасын тексеріп көрмекші болып, тұтандырады. Орындықтың үстіне төгілген ұнтақ лап етіп, жарылыс болады. Пәтердегі ас бөлмесі түгел отқа оранған. Оқ-дәріні тауып әкелген адамның денесінің 50 пайызы күйіп, әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейлердің айтуы бойынша, оның бұған дейін ұрлық бабы бойынша істі болған. Енді сауығып жатса, бұл қылығы үшін де жауапқа тартылуы мүмкін.

Юрий Колесников, Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары:

- Кеңес одағы тұсында жасалған бұл оқ дәрілердің бір қорапшасы шамамен 200-250 грамм тартады. Біреу қоқыста тастай салған. Оны сол жерден анықтаған ер адамның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Сондай жерлерден ананы-мынаны тауып, сатып күнін көріп жүргенге ұқсайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.