Бердімұxамедовтен ақша алған бүлдіршіндер оны маңдайына тақап алғыс білдірді
Мейрам қарсаңында Түркіменстанда қыз-келіншектерге 17 доллардан үлестірілді. Гурбангулы Бердімұхамедов еліндегі әрбір аймақ басшыларына нәзік жандыларға ақшалай сыйлық беруді тапсырды.
07.03.2019
Бұл шара тікелей эфир арқылы жергілікті арналардан көрсетіліп, конверт алған арулар оны маңдайына тақап алғыс білдірген. Тіпті кішкентай бүлдіршіндер де ақшаны шекеге қою шарасына қатыстырылыпты. Кей ата-аналар балақайлардың бұндай ізет көрсетулеріне қарсылық білдірген. Естеріңізге сала кетейін, Түркіменстанда президенттің қаржылай сыйлық жасау дәстүрі 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Және конвертті алғанда міндетті түрде оны маңдайға тақау керек. Бердімұхамедов біздің ақшаға шаққанда алты жарым мың теңгені мереке қарсаңында кәсіпорындарда жұмыс істейтін әйелдерге, білім саласында қызмет ететін нәзік жандыларға, мемлекеттік жәрдемақы алатындар мен зейнет жасындағы нәзік жандыларға үлестіреді. Биыл бұл тізімге мектепке дейінгі білім беру орындарында тәрбиеленетін қыз балалар да қосылған. Сондай-ақ бұған дейін сыйақы көлемі 11 доллар болса, биыл ол 17 долларға дейін өскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!