{metadescription}
Мейрамды пайда көзіне айналдырғандар жігіттерді тақырға отырғызды
Мейрамды пайда көзіне айналдырғандар жігіттерді тақырға отырғызды

Мейрамды пайда көзіне айналдырғандар жігіттерді тақырға отырғызды

Астанада халықаралық әйелдер күні қарсаңында интернет алаяқтары қаптап кетті. Ғаламтор арқылы гүлге тапсырыс қабылдайтын олар қыз-келіншектерге сыйлық жасамақ болған ерлерді шетінен тақырға отырғызып жатыр.  

Ақшаны алдын ала аударуды сұрайтын сатушылар кейін ұшты-күйлі жоғалып кетеді екен. Әзірге мұндай 10 қылмыс тіркелді. Жапа шеккендердің арасында гүлден бөлек, өзге де бағалы сыйлықтарға тапсырыс бергендер бар. Мәселен, алданған жігіттердің бірі сүйіктісіне 8-ші наурызға 700 мың теңгенің бриллиантын алмақ болған. Бірақ ақша да, жүзік те жоқ. Осылайша, ұрымтал сәтті пайдаланған алаяқтар жалпы көлемі 1,5 миллион теңгені сыпырып алған. Әзірге полицейлер қаскөйлердің біреуін ғана қолға түсірді. Қалғандарды іздестіріліп жатыр.

Талғат Бөлегенов, Астана қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы:

- Әлеуметтік желілердегі жарнамаларға сақтықпен қарауға кеңес береміз. Егер тауардың бағасы тым арзан әрі сатушы ақшаны алдын ала сұраса, оған сенбеген дұрыс. Өйткені алаяқтар өз құрбанын осылай іздейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде