{metadescription}
Оңтүстікте өрік гүлдеп жатыр
Оңтүстікте өрік гүлдеп жатыр

Оңтүстікте өрік гүлдеп жатыр

Өзге аймақтар әзірге қарға оранып жатқанда Шымкентте көктем түсе жер бірден көгеріп, ал талдар гүлге бөленді.

Әдетте наурыздың соңына қарай гүлдейтін ағаштар бүршік жарып, ара мен көбелектер нәр іздеуге шыққан. Қыс бойы жарытып қар көрмеген тұрғындар да жылы киімін тастап, желең киіне бастады. Жергілікті жұрт тал-теректің көгеруіне бір жағынан қуанса, суық келсе үсік шала ма деген де үрейі бар. Тек, синоптиктер қорқуға себеп жоқ дейді. Өйткені, алдағы күндер күнгейліктер үшін аса жайлы болмақ.

Салтанат Қоныс, инженер-синоптик:

- Бізде апта бойы жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Осы уақытта бізде ауа температурасы түнде 5-10, кей жерлерде 2 градусқа дейін ысиды. Ал, күндіз бізде 18-23, кей жерлерде 15 градусқа дейін ысуы ықтимал.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде