{metadescription}
Атыраулықтар Жайық жағасын өлген балықтардан тазалады
Атыраулықтар Жайық жағасын өлген балықтардан тазалады

Атыраулықтар Жайық жағасын өлген балықтардан тазалады

Қала тұрғындары үшін жағалау төрт аумаққа бөлініп беріліп, олардың әрқайсысы қажетті жабықтармен қамтамасыз етілді. Туған өлке табиғатына бей-жай қарамаған 150-ге тарта ерікті бір күнде бір жарым тоннаға жуық балық өлекселерін жинады.

Табиғатқа жанашырлық танытқан қала тұрғындары демалыс күндері екендігіне қарамастан бұл іске таңмен таласа тұрып кірісті. Араларында студенттер, қоғамдық ұйым, ірі компания өкілдері, кәсіпкерлер мен  қарапайым тұрғындар бар. Олар бас-аяғы бірнеше сағатта мөңке, қылышбалық, табан, қаракөз секілді балықтардың өлекселерін қаптарға жинап, арнайы орынға жоюға жіберді. Жағалаудағы төрт нүктеде  балық жинаған еріктілермен бірге Арнаулы автобаза мекемесінің тазалықшылары мен балық инспекциясының мамандары да болды. Оларға сенсек, тек 8-9 наурыз күндері өзен жағасын екі тонна балық өлексесінен тазалапты. Ал қала маңындағы елдімекендердің тұрғындары өз аумақтарындағы жағалауды тазалауды мойындарына алған.

Мира Есениязова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Қала тұрғындары өздерінің белсенділіктерін көрсетуде. Кейбір көмектесе алмайтын, денсаулығы нашар адамдардың өздері де хабарласып, қолдарынан келгенше ыстық тағаммен, сумен жәрдемдесіп жатыр. Нәтижесінде  20-ның үстінде қап, қазіргі кезде балықтар шығып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде