{metadescription}
Пальма ағашы құлаған әйел отаға дайындалып жатыр
Пальма ағашы құлаған әйел отаға дайындалып жатыр

Пальма ағашы құлаған әйел отаға дайындалып жатыр

Астанада сауда, ойын-сауық орталығында үстіне пальма ағашы құлаған әйелдің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оны отаға дайындап жатыр.

Мынау – куәгерлердің түсіріп алған бейнежазбасы. Оқиға 8-наурызда, «Хан шатырда» болған. Үшінші қабатта тұрған ауыр пальма ағашы төменге құлап, эскалаторда тұрған әйелдің үстіне түсіпті. Қазір 32 жастағы келіншек  бес бірдей омыртқа сүйегі сынып, ауруханада жатыр. Одан бөлек, сол жақ тобығына да жарақат түскен. Осыған ұқсас тағы бір оқыс жағдай сенбі күні болды. «Азия парк» сауда үйінде әсемдік үшін төбеге ілінген шыны шар жерге құлап, адамдардың жанына түскен. Құдай сақтап, ешкімге зияны келмепті. Осы оқиғалардан соң сауда орталықтары қауіпсіздік шараларын күшейткен. Ал бірінші оқиғадағы пальма ағашының құлауына байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Дәрігерлер пальманың астында қалған келіншектің өміріне төнген қауіп жоқ дейді.

Иван Ли, №2 аурухананың бас дәрігері:

Бұрындары мұндай жарақат алғандар 4 айға дейін төсектен тұра алмай жататын. Негізі жарақаты ауыр. Бірақ қазіргі технологиялық мүмкіндіктердің арқасында ота жасалған соң тез аяқтан тұрғызамыз. Науқас мүгедек болып қалмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.