Алматыдағы атысқа қатысты жаңа дерек шықты
Алматыда қаруланған жігіттер қаланың қақ ортасында қантөгіс жасай жаздады. Оқиға кілең бай-бағландар баратын элиталық қонақ үйдің алдында болған.
Автор: Аруна Ортай
11.03.2019
Таспада көрініп тұрғандай, тапаншаға ұқсас зат ұстаған біреу қара Геленгваген көлігінің қасында тұрған бір топ жігітке оқ атқан. Оның артынша аңшы мылтығын асынған екіншісі де оқ жаудырады. Одан қалды, қару ұстағандар тым-тырақай қашқандардың соңынан қуа жөнелген. Қонақ үйдің алдындағы атысқа жігіттер арасындағы жанжал себеп болғаны анықталды. Өзара ерегісіп қалған топ жанжалды қарудың көмегімен шешпек болған көрінеді. Қаруы бар екеу сол арада қамауға алынды. Оқиғаға қатысы бар тағы екі адам кеше түнде ұсталды. Ал оқиғаның өзі 7-наурызда болған. Полиция қазір істің ақ-қарасын анықтап жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі:
- Бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, алматылық тұрғындар, жас жігіттер. Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайын анықтаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!