{metadescription}
Британиялық журналистің кітабы қалың оқырманға жол тартты
Британиялық журналистің кітабы қалың оқырманға жол тартты

Британиялық журналистің кітабы қалың оқырманға жол тартты

Азапты көштің хикаясы. Алматыда британиялық журналист Годфри Лайастың «Аспантау асқан үркін көш» атты кітабы қалың оқырманға жол тартты. Шығарма қазақ және орыс тілдеріне аударылып отыр.

1954 жылы британиялық журналист Годфри Лайас Қытайдан келген қазақтармен Түркияның Ыстамбұл қаласында жолығып, олардың әңгімесін жазып алады. Ал,1956 жылы Лондонда автордың «Kazak exodus» атты кітабы жарыққа шығады. Хикая Қытайдан үдере көшіп, Үндістан, Түркия асқан қандастардың тағдыры жайлы. 20 мыңға жуық отбасы дүние-мүлкін жинап, малын айдап шөл мен биік тауларды еңсереді. Жолда түрлі сынақты бастан кешеді. Екі жылдан соң Шығыс Кашмирге жеткенде әу бастағы көштің төрттен бірі ғана аман қалады. Алаш жұрты үшін аса құнды шығарманың жазылғанына 63 жыл өтсе де, қазақ тіліне аударылмаған еді. Баспагер әрі аудармашы Бақытжан Бұқарбай ғылыми топпен кеңесіп 2 жарым айдың ішінде кітапты қазақ және орыс тілдеріне тәржімалайды. Туындыда қазақтардың билікке коммунистер келгенге дейін өмірі, әскери наградалар жүйесіне қатысты тың дерек көп.

Бақытжан Бұқарбай, аудармашы, баспагер:

- Бұл кітап жайында мен кездейсоқ білдім. Ғаламторда Оспан батыр жайлы көбірек мағлұмат алу үшін мен мақалаларды ақтарып оқып отырдым. Сол кезде осы кітаптың атауына көзім түсті. Сөйтіп бұл кітапты іздестіріп бастадым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.