Тараздық шенділер орталықтағы дау болған көпқабатты бес үйді сүрмейтін болды
Халықтың көз жасынан қорықты ма, әлде аттандап шыққан жұрттың айғайынан именді ме, тараздық шенділер орталықтағы дау болған көпқабатты бес үйді сүрмейтін болды. Қала әкімінің қаулысын облыс басшысы бұзыпты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
12.03.2019
Нұржан Әбілешов, Тараз қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
- Тұрғындардың өтінішін Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы ескере отырып, аталған жұмыстарды қазіргі уақытта тоқтатты. Осыған байланысты Тараз қалалық әкімдігінің 2019 жылдың 11 ақпандағы №519 қаулысы қабылданып, сол жердегі әрбір меншік иелеріне жеке-жеке хабарламалар таратылды.
Сүйінші хабарды естіген елдің қуанышында шек жоқ. Үш қабатты көне нысандардың мұртын да бұзбаймыз деген шенділер, тіпті сыртқы келбетін жаңғыртуға уәде етіп отыр. Яғни ғимараттың сұлбасы заманауи үлгіде безендірілмек. Бірақ баспаналар сол күй сақталып қалғанымен, оған жапсарлас коммерциялық мақсаттағы нысандар қиратылады. Шенеуніктер бұл жерлерге «Арбат» салуды көздеген. Бірақ, бұған үзілді-кесілді қарсы болған жұрт қалалық әкімдік алдында шу шығарған-ды. Айғайға басқан елді әзер сабасына түсірген шенеуніктер, көп ұзамай шешімдерін өзгертіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!