Қарағандылықтар теннис кортын салуға қарсы
Қарағандыдағы орталық саябаққа жүргелі жатқан құрылыс жұмыстарына қала тұрғындары қарсы шықты. Бұған саябақтағы жүздеген ағашы бар аумақтың қоршауға алынғаны түрткі болған. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерге билік өкілдері теннис кортын салуға рұқсат бергелі отыр екен.
12.03.2019
Татьяна Селиванова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Саябақ деген халықтың меншігі. Мұны біздің ата-бабамыз отырғызған, өсірген. Қалада да бұдан басқа дұрыс саябақ жоқ. Онсыз да жан жағынан үй түсіп жатыр. Енді келіп ортасына көздері түсіп отыр ма?
Қала белсенділері спорт алыңын салуға басқа жерлердің толып жатқанын айтып ашуланады. Қаланың маңдайына біткен жалғыз жасыл желекті отауға келгенде билік алдына жан салмайды деп ашынады. Өйткені, корттың құрлысы жүретін жердің қоршалуына қарағанда, олар түбегейлі шешім қабылдап тастаған сыңайлы дейді. Дегенмен, шенеуніктер құрылыс жүргенннің өзінде жасыл желек оталмайды деп ақталады. Олардың айтуынша, ағаштар түп-тамырымен қазылып алынып, басқа жерлерге отырғызылады екен. Оның өзі қазірге жоспар ғана, себебі жұрттың рұқсатынсыз құрылыс жұмыстары жүрмеуі де мүмкін.
Нұрлан Әубәкіров, Қарағанды қаласының әкімі:
- Әзірге құрылыс жұмыстарына рұқсат жоқ. Заң талаптары бойныша бұл сұрақ ортақ талқыға түседі. Экологияға қауіп төндірмейтін жақтары мен жасыл желекті шығынсыз көшіру мәселелері қаралады. Содан кейін ғана бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!