{metadescription}
Алматы тұрғыны онлайн несие беретін ұйымның заңсыз әрекетін әшкере қылды
Алматы тұрғыны онлайн несие беретін ұйымның заңсыз әрекетін әшкере қылды

Алматы тұрғыны онлайн несие беретін ұйымның заңсыз әрекетін әшкере қылды

Жылдық үстемеақысы 540 пайыз. Алматы тұрғыны онлайн несие беретін ұйымның заңсыз әрекетін әшкере қылды. Интернет арқылы 140 мың теңге алған келіншек қарызға ақша беретін компанияның тым жоғары пайыздық мөлшерлемесін көргенде, жағасын ұстаған. Сотқа шағымданған әйел қаржы ұйымын жеңіп шыққан. Сарапшылар аңғал жұрттың қалтасын қағып жатқан шағын несие ұйымдарына қадағалау жоқ дейді. 

Онлайн несие алған Әсел Қосаева жылына 540 пайыздық мөлшерлемемен төлейсің дегенді естіп жағасын ұстапты. Бар болғаны 140 мың алған алматылық келіншекке шағын ұйым айына 60 мың теңге төлеуіңіз тиіс деген талап қойыпты. Бір шикіліктің барын сезген ол несие беретін ұйымның үстінен сотқа арызданып, ақыры жеңіп шыққан.

Әсел Қосаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Займер қызметін мен бұған дейін бірнеше рет пайдаланғанмын. Несиемнің жылдық мөлшерлемесі 540 пайыз екендігін байқадым. Несие беруші ұйымға хабарласқанымда, нарықта бірінші жыл емес екендіктерін айтып, өздерінің талаптарын орындауымды дөрекі түрде мәлімдеді. Осыдан кейін сотқа шағым түсіріп, заң бойыша толықтай дұрыстығымды дәлелдеп шықтым. Енді мен тек алған ақшамды ғана қайтарамын.

Өткен жылы Ұлттық банктің ұсынысымен мұндай ұйымдар үшін жылдық пайыздық мөлшерлеме 100 пайыздан аспауы тиіс деп бекітілген еді. Алайда, бұл ережені интернет арқылы оңды-солды несие беретіндер пысқырып жатқан жоқ. Осы орайда, экономистер халыққа аз ақша ұсынып, еселеп өндіретін шағын несие ұйымдарының бұл әрекетін тым шектен шыққандық дейді.

Мақсат Халық, экономист: 

- Халықтың әлеуметтік жағдайын нашарлатуға қарсы жұмыс істеп отырған кәсіпкерлерді қолдап, солардың лобби депутаттары сөйлеген болатын. Мені ең таңғалдырғаны сол, олар қалай халықтың адамы болып отыр?

Сарапшылар жеңіл ақшаны олжа етіп, соңында опық жеп қалмас үшін қаржылық сауаттылықты арттыру керек деп отыр. Қулықтың құрығына түсіп, келешек берешек өтеуге айналмасын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде