Елімізде әлеуметтік төлемдер тәртібі өзгермек
Бұдан былай баласы бір жасқа толмай жұмысқа шыққан анаға жәрдемақы төлене беруі тиіс. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай бастама көтерді.
Автор: Әсел Тұмашқызы
12.03.2019
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Бір жасқа дейін бала күтімі бойынша республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақының мөлшері 2020 жылы бір балаға 15050 теңге, екі балаға 17794 теңге, үшінші балаға 20512 теңге, төрт және одан да көп бала болған жағдайда 23 255 теңгені құрайды.
Егер заң жобасы мақұлданса, 2020 жылдан бастап мерзімінен бұрын жұмысқа шығып немесе кәсіпкерлікпен айналасқысы келетін аналарға жөргекпұл төлене береді. Сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен айырылғандар, асыраушысы жоқ және уақытша жұмыссыз жүргендерге тиісті төлемақы 30 пайызға дейін көбейгелі жатыр. Мәселен, бұған дейін екі қолға бір күрек таппағандарға 4 айға дейін ақша төленсе, енді оның мерзімі 6 айға дейін ұзарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!