{metadescription}
Оралда көліктер суда жүзіп жүр
Оралда көліктер суда жүзіп жүр

Оралда көліктер суда жүзіп жүр

Оралда жүргізушілер көлікпен жүзу маусымын бастады! Күннің жылып, қардың лезде еруі салдарынан қаладағы көшелерді жаппай су басып қалды. Көктем келсе болғаны, көлде жүзетін көлік иелері бұл жолы да қардың дер кезінде тазаланбағанына ашуланып, коммуналдық қызметтерді жерден алып, жерге салды.     

Оралда биыл қар мөлшерден көп түскен. Күннің жылынуы сол екен оның бәрі қызыл суға айналды. Салдарынан көліктер көшемен жүріп емес, жүзіп жүр. Ал қар тазалағыш техникасын дер кезінде шығармаған коммуналдық қызметтер су сорғыш көліктерімен көк тер боп жүр. Суды күндіз-түні сорып жатқандарына қарамастан, барлығын тазартып үлгермей жатыр. Қазгидромет күннің жылынатынын бір жеті бұрын ескерткен екен. Алдағы күндері сынап бағанасы тағы да жоғарылап, еріген қар суына жауын-шашын қосылмақшы.

Дәурен Есжанов, Метеоболжам бөлімінің бастығы:

- Оңтүстік Каспий циклоны үлкен мөлшерде жауын-шашын алып келеді. Температура түнде 0-2 градусқа дейін аяз болса, күндіз 0+2 градусқа дейін жылылық күтіліп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде