{metadescription}
Шымкентте пара алды деп күдікке ілінген мектеп директоры қызметіне қайтып келмек
Шымкентте пара алды деп күдікке ілінген мектеп директоры қызметіне қайтып келмек

Шымкентте пара алды деп күдікке ілінген мектеп директоры қызметіне қайтып келмек

Шымкентте пара алды деген күдікпен жұмыстан шеттетілген мектеп директорына қатысты мұғалімдер шағым айтты. Наразы ұстаздардың айтуынша, мектеп басшысы «орныма қайта келем де бәріңе көресіні көрсетем» деп қоқан-лоққы жасаған көрінеді. Ұжым өкілдері директордың ақша жинайтынын, егер ол қайтып келсе, өздерінің жұмыстан кетуге дайын екенін білдірді. Ал директор қол астындағылардан тәртіпті талап еткенін, ешкімнен ешқашан пара алмағанын айтады.

№12 мектеп бірнеше күннен бері оқу ошағынан гөрі, гуілдеген араның ұясына көбірек ұқсайды. Себебі, қаңтар айында жұмыстан кеткен ұстаздың сағатын саудаға салды деген күдікпен істі болған бұрыңғы директор қайта келмекші екен. Ал Дариға Әлімбетова басқарған соңғы үш жарым жылда сабақ берумен емес, ақша жинаумен айналысып кеттік деген мұғалімдер дегбірі қашып, енді не істерін білмей жүр.

Гүлдариха Исабаева, мұғалім:

- Әр мереке, мейрамдар сайын ақша жиналады. Қызының тойы болды. Келетіндер 10 мыңнан, келмейтіндер 5 мыңнан деп ставка қойды. Барлығы береді. Әрине мен ата-аналар кассасынан сұраймын. Ата-анадан жинауға мәжбүрмін.

Ұстаздарға жүгінсек, директор өзі өткізуі тиіс сабақтарды мұғалімдерге бөліп тастап, сыныптарға бас сұқпапты. Ал айлығын тиісінше өзі алып отырған. Ал ата-аналар «Баламызды оқыту ақылы мектептен қымбатқа түсті» дейді.

Нина Романова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Ата-аналар комитетінде екі жыл жұмыс істедім. Әр мереке, әр іс-шара сайын ата-аналармен алысқандай болып жүріп ақша жинайтынбыз. Іс-шараны да өзің ұйымдастырасың, әрине. Театрға бару үшін билет 150 теңге болса үстіне 150 теңге қосып жинаңдар дейді. Есік алдында бірдеңе істеу керек болса әр сынып 120 мың теңгеден жинасын деген соң шыдай алмай шығып кеттім.

Ал қызметінен шеттетілген Дариға Әлімбетова өзінің жұмысқа қайта орналасатынына сенімді. Оның айтуынша, темірдей тәртіп талап еткені үшін ұжымдағы кейбіреулерге жақпай қалған.

Дариға Әлімбетова, Горкий атындағы №12 орта мектептің директоры:

- Шай ішетін мұғалімдер көп. Ата-аналармен бірге экскурсияға барған кезде бір мұғалім спирттік ішімдік ішті. Ол ата-ана бізде мұғалім боп жұмыс істейді. Мен мұғалімдердің біреуіне ескерту бергем. Сол себепті олар мені жақтырмай қалды. Маған ешкім пара берген емес. Менің арым таза. Мен мектеп үшін көп нәрсе жасағам.

Дариға Әлімбетованың сөзінше пара алғанын тергеушілер дәлелдей алмапты. Сондықтан бұрынғы қызметіне қайта келу туралы өтініш білдірген ол қазір қалалық білім басқармасының шешімін күтіп жүр. Ал білім басқармасындағылар, жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ресми шешімінсіз қандай да бір шешім жасауға ерте екенін айтады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде