Туристер төлейтін жарна қайда жұмсалады?
Қазақстанға келетін шетелдіктер енді елімізде өткізген әрбір күні үшін жарна төлейтін болады. Биылдан бастап енгізілетін «Bed tex» жүйесіне ұқсас төлемақының көлемі бір тәулік үшін 2-4 доллар шамасында.
Автор: Досжан Маратұлы
12.03.2019
Оны Қазақстанға шекара асып келетін туристерден өзге шетелдіктердің барлығы төлейді. Ал, жиналған қаржы «Kazakh tourism» ұлттық компаниясына құйылып, туризмді дамыту үшін жұмсалмақшы. Шетел азаматтары төлейтін мұндай жарна Грузия, Чехия, Біріккен араб әмірлігі секілді елдерде де енгізілген. Сондай-ақ, туристерді тарту үшін 2022 жылдан бастап Астана, Алматы, Шымкент әуежайларында «Tax Free» жүйесі іске қосылмақшы. Сөйтіп, Қазақстанға саяхаттап келген азаматтардың сатып алған тауарларына қосылған құн салығы қайтарылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!