{metadescription}
Министр Дәленов бағаны өсірмеудің жолын тапты
Министр Дәленов бағаны өсірмеудің жолын тапты

Министр Дәленов бағаны өсірмеудің жолын тапты

Елімізде супермаркет пен шағын дүкендердің кіре берістеріне азық-түлік бағалары жазылған қағаздар ілінбек. Кәсіпкерлерді осыған міндеттегелі жатқан Ұлттық экономика министрлігі ең негізгі тауар құнына қоғамдық бақылау енгізуді жоспарлап отыр.

Сөйтіп, тұрғындар барлық дүкен тауарларының бағасын көріп, арзанына барып сауда жасай алады. Еуропа елдерде қолданыталын мұндай тәсіл қымбатшылыққа жол бермейді дейді министр. Алғашында әрбір сауда үйінің азық-түлік құны министрліктің сайтына жарияланбақ. Кейін қағазға түсіріліп, суда орындарының сыртына жұртқа көрінетіндей етіп ілінбекші. Құнның шарықтауына қарсы бастаманың қашаннан бастап іске асатыны әзірге белгісіз. Қазір монополияға қарсы комитет тауар бағасына ауқымды мониторинг жасап жатыр.

Руслан Дәленов,  Ұлттық экономика министрі:

Тұтынушы дүкенге келген бойда кіреберістен азық-түлік бағасын көре алады. Бұл қымбатшылыққа жол бермейді. Өйткені, бизнесмендер бір-бірімен бәсекелесіп, тауар құнын мейлінше арзандатуға тырысады. Еуропаның сауда орындарында мұндай жүйе баяғыдан қалыптасқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.