{metadescription}
Тұңғыш Президент қоры керекулік жастардың тың жобаларына қолдау көрсетті 
Тұңғыш Президент қоры керекулік жастардың тың жобаларына қолдау көрсетті 

Тұңғыш Президент қоры керекулік жастардың тың жобаларына қолдау көрсетті 

Тұңғыш Президент қоры Наурыз мерекесі қарсыңында керекулік жастардың көңілін бір көтерді. Аймаққа ат басын тіреген олар, түрлі бағытта жоба жасайтын дарындарға тағы да іздеу жариялауда. Бірегей байқауға мемлекетке пайда әкелем деген 18-45 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Керекудегі Елбасы Қорының күндері жағымды жаңалықтан басталды. Ұйым «Жастардың бастамаларын дамыту орталығына» заманауи компьютерлік құралдарын алу үшін 3 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Олардың діттегені де осы. Яғни, дарынды жастарды барынша қолдап, олардың тың идеяларына жол сілтеу.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры директорының орынбасары:

Дәл осы Павлодар облысының жастары ғылым, мәдеиет, экономика, және инновацияның дамуына қызығушылық танытатын белсенді жастар дегім келеді. Біз жылына жүзге жуық жоба өткіземіз. Олардың арасында лауреат атанған керекулік жастар басым. Енді байқауды жылына бір рет емес, екі рет өткіземіз деген жоспар бар.

Бұған дейінгі байқауларда 60 керекулік жеңімпаз болып, лауреат атанған. Бірі өзінің өнерімен ерекшеленіп көзге түссе, енді бірі ғылыми жұмысының арқасында шетел асып, ондағы мамандардан сабақ алып келген.

Қайратолла Әбішев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының сапарларға арналған грантының иегері:

- Осы сапардың арқасында өзімің кәсіби қарым-қатынас байланыстарды кеңейтттім. Және де шетелдік зертханалардың жұмысымен таныстым. Сол зертханаларда орналасқан технологиялық жабдықтарды оқып үйрендім. Сонымен қатар сол тағылымдамадан өткен кезде біліктілікті арттыру курстарынан өткем.

Бұдан соң қор өкілдері мен байқау жеңімпаздары керекулік студенттер үшін шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта болатын ауқымды шараларға да тоқталды. Нәтижесінде 400-ге жуық студент болашаққа жол ашатын байқаулар жөнінде толық мағлұмат алып, оларға қатысудың шарттарын білді. Кеш аталмыш «Астана – Ұлы даланың жауһары» атты фотокөрмесімен жалғасып, қор байқауы лауреаттарының концертімен тәмамдалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде