Оралдық құтқарушылар сел басқан жағдайда не істеу керектігін үйретіп жүр
Ал Орал қаласының маңында тұрып жатқан он мыңнан астам тұрғынға сел қаупі төніп тұр! Құтқарушылар мен төтенше жағдайлар өкілдері шаһар шетіндегі саяжайларда тұрып жатқандарға сел басқан жағдайда не істеу керектігін үйретіп жүр.
Автор: Бек Әбиев
13.03.2019
Қала маңындағы сел қаупі басым оннан астам саяжайда 12 мың адам тұрады. Олардың көпшілігі балалар. Бұған дейін 7 жыл бұрын көктемде су басып, тұрғындарды құтқару қиынға түскен еді. Одан бері айтарлықтай қызыл су шаю қауіпі болмаған. Алайда, биылғы қалың қар сақтық шараларын күшейтуге мәжбүрлеп отыр. Еріген қар суы залал келтірмеген күннің өзінде Шаған, Дерқұл мен Жайық өзендері тасып, жақын маңдағы баспаналарды басып қалу қауіпі зор.
Ақылбек Ахметжанов, БҚО ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда миллион текше метрден артық қар шығардық. Қардың 5-6 есе көп мөлшерде түскені байқалады. Полигондардың бәрі толып қалды. Қосымша полигондарға шығарып жатырмыз. Өте көп жұмыс істеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!