{metadescription}
Астанада топан суды жинайтын арналар қазылуда
Астанада топан суды жинайтын арналар қазылуда

Астанада топан суды жинайтын арналар қазылуда

Астаналық құтқарушылар көктемгі тасқынның алдын алуға қамданып жатыр. Бас қаланың шетіне бөгеттер салынып, топан суды жинайтын арналар қазылуда.

Әсіресе, жер үйлер орналасқан аудандар ерекше назарда. Өйткені, жеке секторды жылда қызыл су басатындықтан, үйілген қар мынадай камаздарға тиеліп, Елорда сыртына шығарылуда. Әрі құтқарушылар бітеліп қалған арықтар мен құбырларды да тазаладық деп отыр. Айтуларынша, биыл ақұлпа мөлшері былтырғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері тасқын болатындай қауіп жоқ дейді. Десе де, күн күрт жылитын болса, су жайылуы әбден мүмкін. Сондықтан еріген қар суын жинайтын «Сарыбұлақ» арнасы салынып жатыр.

Марғұлан, Аманбаев Астана қалалық ТЖД  бастығының міндетін атқарушы:

- Сарыбұлақтың ұзындығы 5,5 шақырым. Бұл Көкшетау жақтан келетін қар суын Астана ішімен алып өтіп, Есілге барып құйады. Бұл су басудың алдын алады. Әрі бес мыңға жуық жадынама тараттық. Әр адам өзінің ауласындағы қарда тазалап далаға шығарса, коммуналдық ұйымдар қарды тасып полигонға апарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде