{metadescription}
Атырау облысында тұрғындар қоқысты үйлердің ауласына төгуге мәжбүр
Атырау облысында тұрғындар қоқысты үйлердің ауласына төгуге мәжбүр

Атырау облысында тұрғындар қоқысты үйлердің ауласына төгуге мәжбүр

Қоқыстан құтыла алмай отыр. Атырау облысында күл-қоқысқа көмілуден шаршадық деген тұрғындар шыдамдарының әбден таусылғандығын айтып, шағымданды. Қоқыс салатын контейнерлердің жетіспеуінен, ауылдықтардың барлығы дерлік осындағы екі қабатты үйлердің ауласын қоқыс алаңына айналдырып жіберген, - дейді.

Осы уақытқа дейін қоқыспен қоңсы қонса да шыдамдылық танытқан мына екіқабатты үйлердегі тұрғындар, өзгелер іргелеріне ит-мысықтың өлекселерін таси бастағанда шорт кетіпті. Әсіресе, тоң түсіп, күн жылына бастағалы бері тыныс алудан қалдық дейді олар.

Айгүл Мантаева, Доссор кентінің тұрғыны:

- 11 үйдің бүкіл үйі 10 контейнерге төгеді. Бұл контейнер тек 11 үйге арналмай тұр. Мына үшінші участок, үшінші ауыл жер үйлердің бәрі әкеліп төгеді.

Тұрмыстық қалдықтың кесірінен бір-біріне теріс қабақ танытып жүрген доссорлықтарға қоқыстың уақытылы алынбауы да жығылған үстіне жұдырық болып тұр. Ал өткен жылы ғана қойылған контейнерлердің де аз уақыттың ішінде ырым-жырымы шыққан.

Әзиз Ғабдуллин, Доссор кентінің тұрғыны:

- Доссор қоқысқа  көміліп жатыр. Осы бір тазаланбай-ақ қойды Әкімдер жұмыс істесе  екен дейміз.

Бірақ, кент басшысы жұрт айтқандай жайбарақат жүрген жоқпын дейді. Ол өткен жылы ғана 20 миллион теңгені ауылдың санитарлық тазалығына жұмсағанын айтады. Тек тазалыққа жауапты мекемемен келісім-шарт аяқталып, оның орнына өзгесі келгенше осындай жағдай орын алған-мыс.

Ербол Ермағамбетов, Доссор кентінің әкімі:

- 28 ақпанға дейін бізде келісім-шарттың мерзімі болды да, сол аяқталды өткен аптада. Жаңа мекемемен келісім-шартқа отырып, жұмысты бастап кеткенше, бұрынғы мекемедегі қоқыс алаңшалары бар, басқа құрал-жабдықтары бар, оларды екінші мекемеге актпен тапсырып өткізіп болғанша, 1-2-3 күн кідіріп қалды. Соған байланысты осындай келеңсіз жағдайлар туындады.

Шенеуніктің сөзінше, ауыл ішіне 36 жерде тұрған 150-ге жуық контейнер жеткілікті. Сонда да алдағы уақытта тағы 100 контейнер сатып алмақ. Дегенмен, әкім жерлестеріне сәл нәрсеге бола аттанға баспай, көктемгі тазалық шараларына ат салысуға шақырады. Тіпті, қолғап пен қапшық тауып беремін деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде