Наурызда теңге тұрақты болады
Бүгін Қазақстан қор биржасы осындай болжам жасап отыр.
Автор: Әсем Қабылбек
13.03.2019
Бүгін ақша айырбастау орындарында 1 доллар 377 теңгеден саудалануда. Биржадағы сарапшылардың пікірінше, осы жылы төл валютаның көк қағазға шаққандағы бағамы 408-410 теңгеге жетуі екіталай. Ұлттық валютаның нығаюына мұнай экспортерлері тікелей әсер етіп отыр. Ақпан және наурыз айлары салық төлейтін кез. Қазынаға түсетін түсім артады. Алыс-берістің тек теңгемен жүретінін ескерсек, ұлттық валютаның нығаюына негіз бар дейді мамандар. Бұдан өзге теңге мен доллардың айырбас бағамы АҚШ-тың федералды резервтік саясатына байланысты болмақ.
Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасы төрағасының орынбасары:
- Осы жылы теңгенің долларға шаққандағы бағамы 408 теңгеден аспайды. Ұлттық валюта бағамы алдымен экспорттық табыстың көрсеткішіне тәуелді. Алдағы айда теңге өз позициясын нақтылай түседі. Яғни, теңге құлдырайды деуге еш негіз жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!