{metadescription}
Атырауда балықтардың қырылу дерегіне байланысты мәжілісмендер үн қатты
Атырауда балықтардың қырылу дерегіне байланысты мәжілісмендер үн қатты

Атырауда балықтардың қырылу дерегіне байланысты мәжілісмендер үн қатты

Олар Бас прокурордан Жайықтағы жағдайға нақты ненің және кімнің себеп болғандығын анықтауды сұрап, депутаттық сауал жолдады.

Артур Платонов, Мәжіліс депутаты:

- Әрбір мәселенің артында нақты аты-жөні бар адамдардың тұрғандығы сөзсіз. Сондықтан, Қайрат Пернешұлы, Жайық өзені мен арналарының нақты улану себебінанықтау жұмыстарының барысын тікелей өз бақылауыңызға алуды сұраймыз. Бұл жағдайдың кесірінен бағалы бекіре тұқымдас балықтардың популяциясына орасан зор шығын келіп отыр.

Бұдан өзге депутаттық сауалда өте үлкен көлемдегі экологиялық апатқа жол бермес үшін Жайық өзеніндегі тазалау жұмыстарының да тыңғылықты жүргізілуі керек екендігі және кейбір пысықай саудагерлердің жеуге жарамсыз балықты сатуға шығарып, одан халықтың зардап шекпесіне де ешкімнің кепілдік бере алмайтындығы айтылған. Сондай-ақ, үш айдан бері жергілікті тұрғындарды алаңдатып отырған бұл мәселе тиісті астаналық лауазымды тұлғалардың қатысуымен Атыраудағы ашық жиында талқыланды. Ондағы жағдайды көзбен көру үшін аймаққа Энергетика, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері мен еліміздің бас санитар-дәрігері арнайы барды. Бірақ, өкінішке қарай, осы уақытқа дейінгі белгілі жайттардан басқа тың ақпарат айтылмады. Дегенмен, энергетика министрлігі өкілдерінің айтуынша, Жайықты ластауы мүмкін деген бірнеше күдікті анықталған.

Зұлпыхар Жолдасов, ҚР ЭМ экологиялық реттеу және бақылау Комитеті төрағасының орынбасары:

- Наурыз-сәуір айларының ішінде қайдан шығып жатқанын анықтаймыз. Қазір іздеп жан-жақты қарап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде