{metadescription}
Нығматулин суретке түскіш министрге ескерту жасады 
Нығматулин суретке түскіш министрге ескерту жасады 

Нығматулин суретке түскіш министрге ескерту жасады 

Базарларды аралап болсаңыз, өңірлерге барыңыз! Мәжіліс төрағасы Ұлттық экономика министрі болып тағайындалғалы бері төменгі палатаға алғаш рет келген Руслан Дәленовке сын айтты. Нұрлан Нығматулин жаңа министрге аймақтардағы азық-түлік бағасын реттеуге кеңес берді. Ол жақта суретке түскеннен де маңызды мәселе бар екенін айтты.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Түсірген суреттеріңізге қарап, базарға баратыныңызды байқадық. Бұл жақсы, әрине. Бірақ облыстарға да ат басын бұрсаңыз, ол жақта да мәселе жетерлік. Ал сіз барасыз деп ойлаймын.

Нығматулин айтып отырған мәселе мынау: Былтыр Павлодар мен бірнеше облыста картоп пен қиярдың саудасы жүрмей, диқандардың еңбегі еш кеткен. Оған елге Еуразиялық экономикалық одағына мүше елдерден төмен бағамен тасымалданған өнімдердің көптігі әсер етіпті. Өйткені осы тауарлар екі жақты келісім негізінде төмендетілген баж салығы арқылы нарыққа кірген. Сөйтіп, отандық өндірушілер опық жеді. Сондықтан Мәжіліс спикері сырттан келгендердің саудасын қыздырғанша, алдымен өз өндірушілеріміздің тауарын өткізу министрліктің тікелей міндеті екенін ескертті. Ал жұмысын қатты жарнамалауға кіріскен Руслан Дәленов бұл мәселеге келгенде кібіртіктеп қалды. Өйткені ішкі нарық импортқа әлі тәуелді болып отыр. 

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

- Мәселен, біз тәуелді импорттық тауарлардың ішінде цитрус алма секілді бірнеше өнім түрі бар делік. Оларға қыс мезгілінде сұраныс жоғары. Бұған дейін сырттан келетін жеміс-жидектерге баж салығы есебінен 10-15 пайыз жеңілдік жасалып келді. Енді оларға тек 5-11 пайыз шамасында ғана жеңілдік қарастырамыз. Сол кезде баға шамалас болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде