Алматыда жүйткіген көлік жол жөндеп жатқан екі адамды қағып кетті
Абырой болғанда зардап шеккендер тірі қалған. Ал, жойқын соққыдан қашып үлгерген үшінші жұмысшы жүргізушінің дер кезінде тежегішті баспағанын айтады.
Автор: Мақсат Мәлік
13.03.2019
Айбек Асылбеков, оқиға куәгері:
- Жұмыс жүріп жатқан. Мына маңды прораб мен жұмысшы сызып жатқан. Мен керек затымды алып жатқам. Бір қарасам машина қағып, үстімен алып келе жатыр ғой екі адамды.
Таңнан бері шұрық-тесік жолды жамап жатқан жұмыскерлер көлік иелеріне айналып өтуді ескертетін белгі қойылғанын айтады. Өкініштісі, оны елемеген жүргізуші жол ортасында қарбаласқандарды басып-жаншып өте шыққан көрінеді. Дәрігерлердің дерегінше, түрлі дене жарақатын алып, миы шайқалған екі адам ауруханаға жатқызылған. Әзірге жүргізушінің қандай жылдамдықпен жүйткігені белгісіз. Полицейлер істің ақ-қарасын анықтап жатыр. Алайда, көлікті тізгіндеген жігіт апат болған жерде ешқандай ескерту белгі қойылмағанын алға тартып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!