{metadescription}
Ақтөбеде әріп танымаған баланы төмпештеген тәрбиеші қара жұмысқа жегіледі
Ақтөбеде әріп танымаған баланы төмпештеген тәрбиеші қара жұмысқа жегіледі

Ақтөбеде әріп танымаған баланы төмпештеген тәрбиеші қара жұмысқа жегіледі

Ақтөбе облысының Бадамша ауылындағы «Айгөлек» балалар бақшасының тәрбиешісі балаларға күш көрсеткені үшін 120 сағаттық қара жұмысқа тартылатын болды. Елу жастағы тәрбиеші әріп танымаған бөбектерді тақтаға шығарып, құлақтарынан тартып, балағаттаған.

Педагогтың бұл әрекетін мектепке даярлық тобындағы бала телефонына түсіріп алған. Бұл жайттан алғашында бейxабар болған ата-аналар  педагогтың дөрекілігі туралы видео желіде тарап кеткен соң сотқа шағымданған. Осыдан кейін 18 жылдық еңбек өтілі бар, жоғары санатты маманның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дөрекі тәрбиеші сот алдында өзіне тағылған айыпты мойындады. 120 сағаттық қара жұмысқа жегілетін тәрбиешіге сот алдағы үш жылда педагогика саласында еңбек етуіне де сот тыйым салды. Ата-аналардың наразылығынан соң «Айгөлек» балалар бақшасының меңгерушісі де қызметінен кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде