{metadescription}

Семейде еріген қар суы жұртты әбігерге салып жатыр

Ал Семейді қазірден-ақ қызыл су басты! Еріген қар суы көшелерді көл қылған. Соның салдарынан көлік жүргізушілері мен жұрт белуардан су кешіп жүруге мәжбүр. Тіпті, тұрғындардың қолдан жасаған бөгеті тосқауыл болмай, аулаларға кіріп жатыр. Ал, жергілікті коммуналдық қызмет қанша жанталасқанымен, оны тазартып үлгеретін емес.

Шеткі көшелердегі судың тереңдігі 30-см жеткен. Сондықтан тұрғындар қап-қап құм толтырып бөгет жасап әлек. Алайда, көлкіген су олардың бұл әрекеттеріне де бой беретін емес. Ақыры, ернеуінен асқан қар суы жол жиегіндегі үйлердің аулаларын басып жатыр. Осының салдарынан, оқушылар резеңке етіктің өзімен сабаққа баралмайтын хәлге түскен. Тіпті, гараждағы көліктің өзі сыртқа шыға алмай тұр.

Гүлнәзира Мұсағалиева, Семей қаласының тұрғыны:

- Су сорады да кетеді. Бірақ әлі су басып жатыр. Әкімдіктен ешқандай көмек жоқ. Халыққа көмектеспей ме? Ақша деген бөлінеді. Сол ақша қайда кетеді? Өздері қалтасына баспаса, қайда?

Осылай деген жұрт, жергілікті биліктен қайыр болмады деп өкпелі. Ал атқамінерлер болса, қызыл судың басуына жұрттың өзін кінәлап отыр. Яғни қыс бойы қар шығармай, көшеге үйіп тастағанның кесірі екен. Дегенмен мамандар шаһар көшелерін қар суынан тазарту үшін жанталасып жатырмыз, - дейді.

Роллан Кемербаев, Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Кезекшілік құрылған. Сол кезекшілікке хабарласқан қала тұрғындарына қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Енді бүгінгі күні 29 арнайы техника және 8  су соратын насос жұмыс істеп тұр.

Жалпы көлкіген көлшіктерді тарзартумен қатар, тұрғындарға бөгетке керек материалдар жеткізуге жергілікті қазынадан 17 млн теңге бөлінген екен. Сондай-ақ, 49 млн теңге қар шығару жұмыстарына қарастырылыпты. Өйткені, биылғы жылы ақұлпа өткен жылмен салыстырғанда екі жарым есеге артық жауған. Сондықтан, мамандар көшелердегі еріген қар суын бірден тазарту мүмкін емес екенін айтып ақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде