{metadescription}
Жұма намазына келгендерді қырып салған қаскөй қамауға алынды
Жұма намазына келгендерді қырып салған қаскөй қамауға алынды

Жұма намазына келгендерді қырып салған қаскөй қамауға алынды

Қасиетті жұма күні күллі мұсылмандардың жағасын ұстатқан қылмыс жасалды. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы қос мешітке баса көктеп кірген қаскөй намазға келген 49 адамды атып тастады. Бұл сұмдықты ұялы телефонындағы камерамен тікелей эфирде бүкіл жұртқа көрсеткен. Басты күдікті жасы 30-дар шамасындағы аустралиялық Брентон Таррант қазір қамауға алынды.

Алдымен әл-Нұр мешітіне келген аустралиялық Брентон Таррант әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде, жұма намазынан шығып үлгермеген 41 адамды қырып салады. Артынша Линвуд Масджи мешітіне аттанып, онда 8 адамды жайратқан. Тоқтамай оқ жаудырған қаскөй құдды бір компьютер ойнындағыдай ешбір шірмікпестен жұртты шетінен атып жатыр. Ол осы уақытқа дейін өзінің жеке парақшасында 37 рет мұндай қадамға баратындығы туралы жазған. Бұдан бөлек, тағы да үш адам күдікті ретінде тұтқынға алынды.Оның бірі әйел. Жаңа Зеландия премьері күдіктілер экстремистік көзқараста екендігін мәлімдеп отыр. 

Джасинда Арден, Жаңа Зеландия премьер-министрі:  

- Қрайстчерчтегі қанды оқиғаны жасаған Брентон Таррант полицияның есебінде тұрмаған. Сонымен қатар, оның тағы да 3 сыбайласы болған. Бұл азаматтардың барлығы экстремистік жолды ұстанғандар. Әзірге, қасақана жасалған оқиғаға өзге адамдардың араласу дерегі анықталған жоқ.  

Сондай-ақ, қаладағы ауруханалардың біріне кіріп, бұдан кейін көшедегі тұрғындарға қарсы оқ жаудырған Таррант, өзінің жеке көлігіне жарылғыш зат орнатқан. Алайда, дер кезінде қимылдаған тәртіп сақшылары, оны залалсыздандырып үлгерген. Жаңа Зеландияның құқық қорғау орындары қылмыскердің желідегі парақшасын бұғаттап тастады. Қала толығымен қауіпсіздік қызметінің бақылауына алынса да, қанды оқиғаны басынан өткерген тұрғындары әлі де болса көшеге шығуға қорқып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде