{metadescription}
Кен орнындағы апатты жасырғандар жазалануы мүмкін
Кен орнындағы апатты жасырғандар жазалануы мүмкін

Кен орнындағы апатты жасырғандар жазалануы мүмкін

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында болған төтенше жағдайдан кейін экологтар шұғыл түрде сонда аттанды. Мамандар газ-су қоспасының атқылауынан табиғатқа келтірілген шығын көлемін анықтамақ.

Қаламқастағы оқыс жағдай ұңғыманы бұрғылау кезінде болған. Газ-су қоспасы атқылап төңіректі түгел шарпыды. Апаттың қоршаған ортаға келтірілген шығыны мен оның себебін арнайы комиссия анықтайды. Соның қортындысы бойынша мердігер компанияға салынатын айыппұл мөлшері де белгілі болмақ. Төтенше жағдай кезінде мұнайшылар 24 сағаттың ішінде инспекторларға апат жайлы хабарлауы керек еді. Ал мердігер компания  бұл жағдайды жасырып қалуға тырысқан.

Раушан Түлепова, Маңғыстау облысы экология департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Экология департаментіне тапсырыс беруші «Мұнайгаз» АҚ тарапы да, бұрғылаумен айналысып жатқан мердігер «Сибо» ЖШС те ешқандай ақпарат берген жоқ. Қазір инспекторлар оқиға орнына кетті. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде