{metadescription}
Үй жанында қоқыс зауыт! Алматылықтар айғайға басты
Үй жанында қоқыс зауыт! Алматылықтар айғайға басты

Үй жанында қоқыс зауыт! Алматылықтар айғайға басты

Алматыда тұрғындар үйлерінің жанынан пайда болған зауыттың жұмысына наразылық білдірді. Олар қолқаны қабатын иістен көшеге шығудан қалдық деп отыр. Жұрттың айтуынша, кәсіпорын қоқыс өңдеумен айналысады. Ал зауыт қожайындары кәсібінің заңды екенін айтады. Салық төлейміз, сондықтан жағымсыз иіске шыдайсыңдар деген сыңай танытты.

Күн жылынғалы бері Алатау ауданының тұрғындарынан маза кетті. Олар не үйлерінің терезесін аша алмайды, не балаларымен далаға шығып серуендей алмайды. Себебі көрші ғимараттан біреулер қоқыс өңдейтін зауып ашып алыпты. Енді қолқаны қабатын иіс төңіректі  түгел улап жатыр. 

Лилия Геращенко:

- Денсаулыққа қатты әсер етіп жатыр. Мына иістен мен аллергияға шалдықтым. Жөтеле беремін. Осылар зауыт ашты деп өлуіміз керек пе? Қаланың ішінен қоқыс өңдейтін зауыт ашуға кім рұқсат берді бұларға?

Бұл нысанда бұған дейін шыны өңдейтін зауыт болыпты. Бір айдан бері бағытын өзгерткен мекеме ешкімді де ескерпеген.

Сергей Татаринов:

- Алғашында бір жерде сымдар тұйықталып, содан иіс шығып жатыр ма деп ойладық. Сөйтсек мұнда пластиктерді, салафандарды өртейді екен. Кеш батқанда мүлдем жүре алмай қаласыз. Балаларға обал.

Халықтың мазасын алған мекеменің ішіне біз де бас сұқтық. Тазалық атымен жоқ. Мөшек толы целлофан мен пласмас қалдықтары. Шақырылмаған қонақтарға тап берген зауыттың бас есепшісінің сөзі «салық төлеп жатырмыз, сондықтан жағымсыз иіске шыдайсыңдар» дегенге сайды.

Тұрғындардың қиналып жүргенінен жергілікті билік те хабардар. Себебі алатаулықтар СЭС пен әкімдікке арыз жазған. Бірақ нәтиже жоқ. Ондағылар бір-біріне сілтеп отыр. Жағымсыз иіспен экология департаменті айналысу керек дейді. Ал ондағылар бізге де арыз жазсын деп қана отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде