Ақтөбе облысында көлік апатынан үш адам қаза тапты
Ақтөбе облысында көлік апатынан үш адам қаза тапты. Он адам ауруханада жатыр. Олардың барлығы дерлік мұнай кен орнының жұмысшылары.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.03.2019
Мұғалжар ауданындағы мұнай компаниясының күзетшілері мінген автобус «Урал» көлігіне бетпе-бет соғысады. Тәртіп сақшыларының болжамынша көктайғақтан жүргізуші рульді игере алмай қалған. Әйтесе де қазір оны тексеріп жатыр. Ал автобустағы вахталық әдіспен жұмыс істейтін күзетшілер он бес күндік демалыстан соң Жаңажол кен орнына келе жатқан сәті екен. Қазір жарақат алған жұмысшылар Кеңқияқ ауылындағы ауруханада жатыр. Біреуінің жағдайы тым ауыр.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Автобус жүргізушісі және екі оның жолаушысы сол оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар 9 автобус жолаушысы мен Урал автокөлігінің жүргізушісі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!