Елімізде әйелдердің жаңа құрылтайы құрылды
«АРУАНА» атты бірлестік, енді отбасылар мен балалардың мәселелерін тиімді түрде шешу үшін жұмыс жасамақ. Түрлі кеңестер беріп, нәзік жандылардың құқығын қорғауды қолға алғандар, бұдан бөлек бірнеше бастаманы іске асыруды көздеп отыр.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
19.03.2019
Бұрын соңды бір-екі рет ұмтылып, алайда, бастамадан ары асып жұмыс істемеген құрылтай, қазір тың серпінде. Отбасы мәселесіне қатысты ең өзекті тақырыптарға талдау жасап, олардың шешімін табуға тырысқан бірлестік, әйелдердің жеке кәсіпкерлікті дамытудағы сауатын ашуға да жағдай жасамақ. Сонымен қатар, анықтамалық кітаптар даярлап, кеңес беру орталықтарын ұйымдастыруды қолға алған. Осылайша, еліміздегі көмекке мұқтаж нәзік жаныдыларды демеп, шешімін таппаған сұрақтарының жауабын анықтауға кірісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!