{metadescription}
Тұран»  ансамблінің құрылғанына 10 жыл толды
Тұран»  ансамблінің құрылғанына 10 жыл толды

Тұран» ансамблінің құрылғанына 10 жыл толды

Биыл «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің құрылғанына 10 жыл. Осыған орай өнер ұжымы алматылық көрермендерімен кездесті. Еркін форматта өткен шараның өтуіне Тұңғыш Президент қоры мұрындық болды.

Ұлттық құндылықтарды арттыруда сүбелі үлес қосқан ансамблдің даңқы 10 жылда шартарапқа тарады. Әлемнің әйгілі сахналарында өнер көрсетті. Топ мүшелерінің мақсаты - қазақтың халық аспаптарын дәріптеу. Әрқайсысы бірнеше аспапты еркін меңгерген. Олардың арасында шертер, жетіген, қоңырау, бұғышақ, қылқобыз бен даңғыра бар. Ал, топ мүшесі Абзал Арықбаев ежелгі өнер түрі дәстүрлі тамақпен орындаудың шебері. Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған шарада ансамбль ежелгі түркі мен көне қазақ әуендерін орындап, көпшілікті тәнті етті. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ұмыт бола бастаған күй мен жыр тыңдаған құлақтың құрышын қандырады. Топтың шығармашылығына қызыққан Жапониядағы «Но» театры бірлескен кеш өткізуге ұсыныс жасаған.

Мақсат Медеубек, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшесі, қылқобызшы:

- Ол тараптан ұсыныстар түсті. Болашақта бұл концертті тек қана Алматыда ғана емес Астанада өткізу, одан кейін Жапонияда өткізу ұсыныстары түскен. Әзірге, келіссөздер ғана жүргізілуде. Нақты әлі белгіленген жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде