Қарағандыда көңілдесінің әйелін өлтірген келіншек 9 жылға сотталды
37 жастағы сотталушы нақсүйерінің бұрынғы әйелімен табысқанын кешіре алмаса керек. Соның салдарынан ол күндес келіншекті ұстап алып, оған пышақты үсті-үстіне сұға берген.
Автор: Саят Сабдалы
19.03.2019
Бекзат Шалғынбаев судья:
- Кулешова Марина Юрьевна қасақана кісі өлтіру бабы бойынша кінәлі деп табылсын. Орташа қауіпсіздік мекемесінде 9 жыл жазасын өтесін. Одан сот сараптамасына кеткен 189 мың теңге және зардап шегушілер қорына 72 мың теңге қаражат өндірілсін.
Тергеу мәліметінше Марина Кулешова өткен жылдың 8-ші қарашасында марқұмды мына подьезге дейін аңдып келген. Лифтіге кіре жанжал шығыпты. Сараптама марқұмның денесінен 60-тан астам пышақ жарақаты түскенін анықтады. Мұның бәрін ол тергеушілерге тәптіштеп жеткізген екен. Көңілдесінен бір бала туып алғанын, бірақ кейін ол өз отбасына кетіп қалғанын да айтыпты. Бірақ ол лифтіде пышақты марқұмның өзі алып шықты деген. Бұл тек оны тартып алып, өзімді қорғадым дейді. Бірақ судья Наталья Никитинаға 60 рет пышақ сұғу қорғану емес деп тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!