{metadescription}
Алматыда танымал дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды
Алматыда танымал дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматыда танымал дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин тұтқындалды. Пара алды деген күдікке ілінген білдей мекеме басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынған.

Жанна Бастарова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Ол №12 қалалық клиникалық ауруханасы ғимаратында кәсіпкерлік қызметін кедергісіз жүргізу және жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 200 мың сомасындағы жүйелі негізде пара алуда күдікті деп танылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдерінің айтуынша, Нұрлан Тұрдалин бұдан өзге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 340 мың теңге және 1 мың 950 доллар ауызбастырық алыпты. Бас дәрігер қалтасына басқан бұл қаржыға мемлекеттік сатып алу кезінде басымдылық беруге уағдаласқан. Яғни, ол медициналық құрал-жабдықтарды ауруханаға жеткізу үшін шарт жасауға көмектеспек болыпты.  Сот санкциясымен қамауға алынған күдіктіге қатысты тергеу жалғасып жатыр. 1963 жылы туған Нұрлан Тұрдалин түрлі медициналық мекемелерде лауазымды орында жұмыс атқарған. Ал, Алматы қалалық орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметіне осыдан екі жыл бұрын тағайындалған екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде