{metadescription}
Тоқаевтың  бұған дейінгі мәлімдемелері
Тоқаевтың  бұған дейінгі мәлімдемелері

Тоқаевтың бұған дейінгі мәлімдемелері

Қасым-Жомарт Тоқаев қай қызметінде болмасын қашанда ел ішіндегі жағдайға алаңдап, өз пікірін ашық білдіріп жүрді. Сонысымен де, Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың ерекше құрметіне ие. Халық тұтынатын жанар-жағармайдан бастап, медицинаға дейін пікірін ашық айтудан тартынбайтын тұлға кемшіліктерді көрсетіп қана қоймай, Үкіметке оны шешудің жолдарында тәптіштеп түсіндірді де. Әрдайым елдің ерекше ілтипатына ие ардақты азамат елді нақты қандай істерімен...

йсінтті?

Қасым-Жомарт Тоқаев біріншіден журналистер жақсы көретін саясаткерлердің бірі. Себебі, қандай мәселе болмасын өз ойын ашық білдіруден ешқашан қашпаған. Тіпті, биліктің ауысуы секілді кез-келген саясаткер айтуға бата бермейтін өзекті әңгімеде де әрдайым пікірін ашық білдіріп жүрді.

Оған дәлел Сенатор кезіндегі әлемге танымал Бибиси арнасына берген сұхбаты. Шетелдік тілшінің өзекті сауалдарына өзіне тән байсалды қалпымен жауап берген Қасым-Жомарт Тоқаев біздің елге ең бірінші керегі тұрақтылық деп дұрыс айтқан. Әрине, БиБиСи тілшісі елбасына қатысты да сұрақ қойды. Онда да сенатор сабырлық танытып, 2020 жылы Нұрсұлтан Әбішұлының сайлауға түспеуі мүмкін деп алдын-ала болжай алды. Бұл әрине, саясатты таныған адамның көрегендігі деп айтуға болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс жағдайын да қашанда күйіттеп жүрді. Мәселен, небәрі бір ай бұрын ғана жанар-жағармай бағасы өсуі күтіліп отырғанда, Тоқаев көлеңкеде қалып қоймастан, Үкіметке жанармай құнын қатаң қадағалауды ескертті. Ескертіп қана қоймай, не істеу керектігін де айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- К этому направлению нам нужно подходить очень внимательно. Мы не должны допустить роста розничных цен на ГСМ на внутреннем рынке. Правительству необходимо обратить внимание бизнес-сообщества на перспективы, открывающиеся в связи с формированием единого рынка ЕАЭС.

Жаңа президент елдің денсаулығы үшін де қам жейтін ең шыншыл азамат. Мәселен, талай жастардың өмірін жалмаған есірткіге қарсы шығып, оның саудасын терроризммен теңестіруді ұсынғаны есімізде.Сенатор тіпті медициналық оқу орнында оқып жүрген студенттерге де ескерту жасаған. Әрі ауылдағы дәрігер тапшылығына да алаңдаушылық білдірген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқа саясаткерлерден тағы бірден-бір ерекшелігі, оның әлеуметтік желідегі белсенділігі.

Твиттер парақшасында 110 мыңнан астам оқырманы бар президент талантты әртіс, актерларды қолдап, мақтап отырады. Тоқаевты мейірімді жан деп те айтуға болады. Жаңа Зеландияда болған жайтты жазған президент лаңкестік әрекеттер салдарынан өмірі қиылған кінәсіз жандарға қайғырған. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, терроризм мен экстремизге қарсы бірігу керектігін айтты. Жоғарыда айтлығандарды ескере отырып, Назарбаевтың өзі айтқандай, Тоқаевтың расында ел тағдырын сеніп тапсыруға болатын азамат екенін аңғаруға болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы отбасылы. Сүйікті жар, әрі ұл тәрбиелеп отырған өнегелі әке.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде