Тұңғыш президентке алғыс айтты
Ақтаулықтар еліміздің тұңғыш президентіне алғыс айтуға теңіз жағалуына жиналды. Қолдарына көк ту ұстаған жастар мен аймақтағы белсенділердің бәрі осында.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.03.2019
Елбасына арналған мұндай флешмоб өткізуге теңіз жағалуын таңдау тегін емес. Өйткені, осы маңдағы амфитеатрды Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі былтыр тамыз айында Каспий жағасындағы мемлекет басшыларының саммитінде ашқан болатын. Каспий теңізінің мәртебесін анықтауға арналған басты құжатқа қол қоймастан бұрын дәл осы жерді аралап өткен еді. Ол ақтаулықтардың есінде мәңгі сақталмақ. Тұңғыш президенттің бұдан да өзге аймаққа тигізген ерен еңбегін айтып, Маңғыстау жұрты 40 шаршы метрлік байрақты көкке көтерді.
Арсен Есет, Ақтау қаласының тұрғыны:
- Президент міндетінен кетсе де мен үшін үлкен тұлға. Ондай дара тұлғалар жүз жылда, мың жылда бір туады деген сенімдемін. Ойлаймын да солай. Мен күтпедім ондай. Өзім біртүрлі әсердемін. Әлі сенбей жүрмін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!