Еліміздің бас қаласы Астана – Нұрсұлтанға айналды
Жаңа президент Қасымжомарт Тоқаевтың ұсынысымен Елорданың атауы өзгертілді. Оған Парламент бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.03.2019
Сондай-ақ, президенттің ұсынысымен тағы бірқатар жаңалықтар пайда болды. Тоқаев Елбасының құрметіне Астанада монумент орнату жөнінде ұсыныс білдірді. Сонымен бірге, Елбасының елге сіңірген орасан еңбегін ұлықтау мақсатында еліміздің барлық ірі қалаларында орталық көшелерді Нұлсұлтан Назарбаев есімімен атау туралы бастама көтерді. Қазірдің өзінде Алматыда орталық маңызды көшелердің бірі Тұңғыш Президент есімімен аталады. Енді барлық өңірлерде пайда болуы мүмкін. Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» жоғары мемлекеттік марапаттарына ие болып, «Құрметті сенатор» атағына ұсынылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген тарихи қызметінің алыптығы соншалық, біз оның Ұлы есімін мәңгілік есте сақтауға бар күш-жігерімізді салуымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!