{metadescription}
Семей жұрты Елбасының тарихи шешімін үлкен ерлікке балайды
Семей жұрты Елбасының тарихи шешімін үлкен ерлікке балайды

Семей жұрты Елбасының тарихи шешімін үлкен ерлікке балайды

Семей жұрты Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық сынақ полигонын жабуы туралы шешімін адамзат тарихындағы үлкен ерлікке балайды. Өйткені, Атомның кесірінен аты әлемге әйгілі болған шаһарды бүгінде жаһан, ядролық полигоны жабылған алғашқы қала ретінде таниды.

Сондықтан Еліміздің Тұңғыш Президентінің құрметіне орай, «Невада-Семей» қозғалысынан сыр шертетін ерекше көрме ашылды. Көрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық полигонды жабу жөніндегі құжаттардың көшірмесі, және «Невада-Семей» қозғалысының белсенлділерімен түскен фотосуреттер қойылған. Жалпы, саны 60-қа жуық тарихи естеліктер Елбасының сол сәттердегі ерен ерлігінен сыр шертеді. Көрмеге келгендер еліміздің әлем алдында беделі биік, еңсесі жоғары болуда Елбасының ерлігі өлшеусіз екенін айтуда. Сондай-ақ, олар Тұңғыш президенттің, тағы бір ерен ерлікке баруын тарихи сәт деп бағалайды.

Ержан Қасымжанов, Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы:

- 2019 жылдың 19 наурыз күні Елбасының кенеттен берген мәлімдемесі біз үшін тарихи кез болды. Яғни, Елбасы мерзімінен бұрын жұмысын тоқтатты. Қимастық бар. Ол кісінің Қазақстан Республикасы үшін қосқан үлесі зор.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде