Металлургтер саяси өзгерістерге қатысты пікір білдірді
Елімізде болып жатқан соңғы өзгерістерді Теміртау халқы да ерекше қабылдады. Өйткені мыңдаған адам еңбек ететін металлургиялық комбинаттың жұмысы Тұңғыш президенттің тікелей бақылауында болған. Енді Елбасының өзінің еңбек жолын бастаған өндіріс орнына жіті көңіл бөлетініне металлургтер сеніммен қарайды.
Автор: Саят Сабдалы
20.03.2019
Олар Теміртауды қала ретінде жойылып кетуден аман алып қалған Нұрсұлтан Назарбаев дейді. Себебі, 90-шы жылдардағы қиын ахуал метталлургиялық комбинатты да айналып өтпегені аян. Мыңдаған теміртаулық еңбек ететін өндіріс тұраласа, жағдайдың мүшкіл болатынын бәрі мойындайды. Тоқырау жылдары баяу қарқындағы жұмысқа көшіп, жабылу алдында тұрған Қазақстан магниткасына инвестор тапқан – Елбасы. Нәтижесінде Теміртаудағы тепсе темір үзетін жігіттер жұмыс іздеп тентіремеді. Өңірге сапарларында өзі темір балқытқан № 2-ші домна пешіне арнайы бас сұғады. Бұл оның ел экономикасын жетелеп келе жатқан жерді жіті бақылап жүргенінің көрінісі дейді металлургтер.
Мұрат Қойшыбаев металлург:
- 1960 жылдары бірінші шойынды берген біздің Елбасымыз. Өзі көрікші болып жұмыс істегеннен кейін домна пешіне келіп, міндетті түрде бізбен кездесіп кетеді. Осы жазда келген кезде осы 2 пешке келіп, көрікшілермен сөйлесіп, хал-жағдайды сұрап, жалақымыз қалай, қанша төлеп жатыр деп, соның бәрін сұрап, өзі көңіл бөледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!