{metadescription}
Еліміздің әр аймағында тұрғындар тұңғыш президентке алғысын айтып жатыр
Еліміздің әр аймағында тұрғындар тұңғыш президентке алғысын айтып жатыр

Еліміздің әр аймағында тұрғындар тұңғыш президентке алғысын айтып жатыр

Ақтаулықтар флешмоб ұйымдастырса, қарағандылықтар тұңғыш президенттің ел дамуына сіңірген еңбегін ерекшелеу үшін челенж бастаған. Мұндай бастамадан көкшетаулық курсанттар да қалыс қалмады.

Ақтөбеліктер де елбасыны ұлықтаудан қалыс қалған жоқ. Әсіресе жас ғалымдар белсенділік танытты. «Менің тұңғыш Президентім». Дәл осындай тақырыппен жас ғалымдар жиналып, аймақтық конференция ұйымдастырды. 

Олар алдымен Елбасының атындағы кітапханада бас қосып, алғыстарын білдірді. Өңірімізде жүздеген жас ғалым бар. Олардың барлығы дерлік шетелдік оқу орындарында білімдерін жетілдіріп келген. Оған тұңғыш президенттің «Болашақ» бағдарламасы мүмкіндік беріпті. Бүгінгі конференция барысында жас ғалымдар Елбасының осы игісіне баса назар аударды. 

Айдын Жақсанұлы, тарих ғылымдарының кандидаты: 

- Тәуелсіз Қазақстан тарихында Елбасы Әбішұлы Назарбаевтың атқарған жұмыстары өте елеулі деп ойлаймын. Бірнеше маңызды реформаларды жүзеге асырды: «Болашақ» бағдарламасы, жас ғалымдарды шетелге жіберді.  

Ал көршілес жатқан Ақтау қаласының тұрғындары еліміздің тұңғыш президентіне алғыс айтуға теңіз жағалуына жиналды. Елбасына арналған флешмоб өткізуге теңіз жағалуын таңдау тегін емес. Өйткені, осы маңдағы амфитеатрды Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі былтыр тамыз айында Каспий жағасындағы мемлекет басшыларының саммитінде ашқан болатын. Тұңғыш президенттің бұдан да өзге аймаққа тигізген ерен еңбегін айтып, Маңғыстау жұрты 40 шаршы метрлік байрақты көкке көтерді.

Қарағанды жұрты әлеуметтік желілерде  «Қарағанды елбасымен бірге» атты челендж бастады. Онда Тұңғыш президенттің ел дамуына сіңірген еңбегін ерекшелеп жатса, екіншілері елбасымен кездескен сәттерді еске алып тебіренді. «Қарағанды елбасмен бірге» хештегі арқылы жазба қалдырып жатқандардың саны сағат санап өсуде. Ал Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесулерден түсірілген фотосурет пен бейнероликтерін жариялағандар, мұндай сәттің куәсі болғандарын мақтана айтады. 

Әсемгүл Шүкенова, Қарағанды қаласының тұрғыны: 

- Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы Қарағандыға жұмыс сапары кезінде маған қолын берді. Бұл сәт менің өмірімде маңызды оқиға болды. Еліміздің тұңғыш президенті кім болғанын көру үшін осы бейнені балаларыма немерелеріме сақтаймын. Мен үшін ол ыстық әрі қымбат. 

Көкшетауда төтенше жағдайлар саласына қарасты  құтқарушылар дайындайтын техникалық институт курсанттары да бүгін Президентке деген алғысын флэш-моб арқылы білдірді. Олар сап түзеп, «Елбасына рахмет!» деп жазды. 

Нұрсұлтан Жорабек, Көкшетау техникалық институтының курсанты: 

-Қазіргі таңда біздің еліміз даму үстінде.Бүкіл әлем біледі. Яғни еліміздің көркеюіне Елбасымыздың зор көмегі тиді. Біздің курсанттар атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.

-Тұңғыш президентке тек батыс пен орталық өңір тұрғындары емес, барлық қазақ жұрты алғысын білдіріп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде