{metadescription}
Сенат спикері Назарбаева әлеуметтік мәселелерге басымдық бермек
Сенат спикері Назарбаева әлеуметтік мәселелерге басымдық бермек

Сенат спикері Назарбаева әлеуметтік мәселелерге басымдық бермек

Ал Тоқаевтың орнына Дариға Назарбаеваға келді. Ол Парламент Сенатының төрайымы болып сайланды. 44 депутат жасырын дауыс беру арқылы оның кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жоғары палата өкілдері үшін Дариға Назарбаева жақсы таныс. 

Жоғары палатаның тізгінін ұстаған Дариға Назарбаева халыққа кеңінен танымал. Ол мемлекет және қоғам қайраткері. Қай істе болмасын талапшыл. Қоғамдағы өзекті мәселені ашық айтады. Жоғары білімді Ресей мен Қазақстандағы іргелі оқу орындарынан алған. Тарихшының саясаттағы алғашқы қадамы 92 жылы басталды. Тұңғыш қызметі - «Бөбек» қайырымдылық қорының вице-президенті. Кейін «Хабар» агенттігін құрды. Еуразиялық медиафорумның негізін қалаушы. Бұл ортақ алаңда аузы дуалы сарапшылар мен журналистер пікір алмасады.

Дариға Назарбаева:

- Мы по-прежнему верны своей миссии. Не разобщать, но соединять. Не  осуждать, но понимать. 

2003 жылы «Асар»  партиясын құрды. 2006 жылы «Асар» «Отан» партиясымен бірігіп, «Нұр Отанға» айналды. Бұл - нұротандық депутаттың төменгі палатаның пленарлық отырысында құттықтау қабылдаған сәті. Алда жұмыс көп. Бастама көтеру керек. 2012 жылы Парламент сайлауынан кейін Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты атанды. Еліміздегі әлеуметтік проблемаларды шешуге сол кезден бастап кірісті. Себебі, Мәжілісте әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды. Түрлі заң жобасын талқылап, қабылдады. 2 жылдан соң Мәжілістің вице-спикері. 2015-те Үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2016 жылдан бері Сенат депутаты. Дариға Нұрсұлтанқызының сын садағына ілінбеген сала жоқ. Бүгінге дейін Сенаттағы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшылық етіп, әскерилердің жайын назардан тыс қалдырған емес. 

Көбіне көшпелі отырыстарда әр саладағы жүйесіздік пен жемқорлықты сынға алады. Себебі, одан зардап шегетін - қарапайым халық.

Дариға Назарбаева:

- По-другому и не выжить, да? Все подводят к тому, чтобы коррупция процветала. 

Сенаттың соңғы өткен отырысында Дариға Назарбаева жұмыссыз жастардың жайын айтып, жауапты органдардың салғырттығын сынады.  

Дариға Назарбаева:

- Они на самом деле очень оторваны от тех людей, которые действительно нуждаются в работе. Потому что люди, которые приезжают из аулов, не знают о госпрограммах.

Дариға Назарбаева тілшілер қауымына әрдайым ашық. Сауал қойса қашпайды. Медиа саласының өкілдерін қолдаушы. Өткен айда «журналистердің акрредитациядан өту ережесіне жаңа бұйрық жобасын енгізуге» қатысты мәселеде де өз пікірін ашық айтты. Отбасында ана, қызметте талапшыл басшы. 
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрайымы қызметіне Дариға Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысты палата өкілдері бірауыздан қолдады. 

Дариға Назарбаева, Сенат төрайымы:

- Елбасымыз қоғамды жаңғырту, қоғамның әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау мен қорғауды күшейтуге ауқымды міндеттер қойды. Мұның барлығы Қазақстан халқының әлеуметтік әлеуетін арттыру үшін аса қажет. Парламенттің еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі, әсіресе осынау тарихымыз үшін сындарлы сәттегі рөлін терең сезінемін.

Заң шығарушы органның бір тармағына жауапты Дариға Назарбаеваның ендігі міндеті - халықтың сенімін ақтау.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде