Қолөнер шеберлері тұрғындарды таңқалдырды
Оралда қолөнер шеберлері мен ұлттық киім дизайнерлері туындыларының көрмесі өтті. Ұлттық ою-өрнектердін шеберлер төсек орыннан бастап киім кешекке дейін енгізуден жарысыпты.
Автор: Саят Сабдалы
21.03.2019
Мереке күндері оралдықтар қолөнер шеберлерінің киізден жасаған тұрмысқа қажетті заттарын тамашалайды. Тіпті киізден сурет салғандарын көретін мүмкіндіктері бар. Одан бөлек қыштан жасалған көптеген бұйымдар елдің таңдайын қақтырады дейді ұйымдастырушылар. Ал ең қызығы асыл тастармен көмкерілген тақия, сəукеле мен ер жігіттің белбеуі екен. Туынды авторлары бұл бұйымдар халықаралық көрмелер мен этнофестивальдерде ерекше ықыласқа ие болатындарын мақтана жеткізеді.
Жұлдыз Құспанова, сəн үйінің директоры:
- Бізде басқа елдердің көз тартарлық ұлттық киімдері бар. Бірақ олармен салыстырғанда біздің киім үлгілері ерекше, бірегей екені білінеді. Яғни қазақы киімдерде шығармашылық мағына бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!