Жәрмеңкедегі арзан баға жұртты қуантып тастады
Керекуде Ұлыстың Ұлы күніне орай мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Мұнда келген жұрт өңірдің әр ауданынан жеткізілген сапалы ет, май, құрт, қымыз бен көкөністерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Ал жергілікті кәсіпкерлердің бірі тұрғындарға орамжапырақты тегін таратып, бір қуантып тастады.
Автор: Әйгерім Шакаманова
21.03.2019
Шараны ұйымдастырған атқамінерлердің сөзіне сенсек, мұнда өңірдің әр ауданынан 55 ірі қара еті, 44 бас жылқы еті, 10 тонна сүт пен 20 тонна көкөніс жеткізілген. Таң ата мұнда келген тұрғындар болса, ет пен көкөністі тиімді бағамен сатып алу үшін ұзын-сонар кезекте де тұрды. Ал, сиыр сүтінің литрі 130 теңге, қой етінің келісі 1300 теңгеден саудаланса, қошқарлардың құны 25 мыңнан басталды.
Зәуреш Тезекбаева, Павлодар қаласының тұрғыны:
- Жәй бақылап келіп едім, таң қалдым. Ауданнан әкелінген ет, құрт, май сияқты азық-түліктің сапасы жақсы, бағасы да тиімді. Наурызға арналған дастарқанға дәл осы тағамдар керек қой. Бағалар ылғи осындай болса екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!