«Ашамайға мінгізу» мерекесі тойланды
Бүгінде ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрді жергілікті атбегілер көпшілікке қайта көрсетті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
21.03.2019
Кезінде ата-бабаларымыз есі кірген 5-6 жастағы ер баланы алғашқы атқа атқа отырғызуын «Ашамайға мінгізу» деп атаған. Ол үшін арнайы үйретілген тай таңдалып ердің ыңғайлы түрі – ашамай салынады. Тіпті, балақайды отырғызу да ат құлағында ойнайтын шабандоз жігіттерге жүктелген. Ал, оның соңы ұлан-асыр тойға ұласып, жұрт жеткіншекке бата беріп шашу шашады. Өйткені, бұл дәстүрдің бала өмірінде алатын маңызы зор. Сондай-ақ, денсаулыққа пайдасымен қатар, елін сүйер азамат болып өспек.
Нұрқия Шошанбасова, «Айша бибі» ансамблінің мүшесі:
- Ашамайға мінгізген кезде жәнегі баланың зейіні мен ынтасы артып сабақты жақсы оқиды. Күш-жігері бойына тасып, мықты азамат болып өседі. Тіпті, ол балақайдың омыртқасы да түзу болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!